ПОДЕЛИТЬСЯ
24 маусым 2024 | 12:33
Ақмолалық зейнеткер пәтерін тазалатамын деп 2 миллион теңге шығынға ұшыраған
Ақмолалық тұрғын зейнеткердің пәтерін тазалауға келіп, оның атынан несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақмолалық тұрғын зейнеткердің пәтерін тазалауға келіп, оның атынан несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
17 маусымда Жақсы ауданының полиция бөліміне ауданның 64 жастағы тұрғыны жүгініп, белгісіз адам оның атына банктен несие рәсімдегенін хабарлаған. Залал сомасы 2 миллион теңге болады.
"Тергеу жедел іс-шараларды өткізу нәтижесінде күдікті анықталды. Ол бұрын ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған жәбірленушінің 37 жастағы ауылдасы болып шықты. Несие рәсімделген күні әйел жәбірленушінің өтініші бойынша пәтерінде тамақ дайындап, тазалық жұмыстарымен айналысқаны белгілі болды", - делінген хабарламада.
Әйел жәбірленушіні әңгімеге тартып, банк қосымшасына кіру үшін туған күнін сұраған. Ол қасында болмаған кезде атына несие рәсімдеген.
Осы дереккен қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу бастады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также