Ақорда қостанайлықтарға салынған жаңа баспаналардың видеосын жариялады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендердің жаңа баспанаға көшіп, қоныстойын тойлап жатқаны жайлы видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендердің жаңа баспанаға көшіп, қоныстойын тойлап жатқаны жайлы видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео авторлары видеода президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа баспаналар салуға екі жарым айға жуық уақыт қажет екенін және өрт салдарынан баспанасыз қалғандардың барлығына жаңа үй берілетінін айтқан сөзін келтірген.

Жаңа баспаналар 12 сотық жерге салынған әр пәтердің ауқымы 100 шаршы метр, төрт бөлмелі. Бәріне табиғи газ, су кіргізілген. Сондай-ақ, интернет тартылған, оны тұрғындар бір жыл тегін пайдаланбақ.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Әулиекөл кентінің түбіндегі 91 тұрғын үйдің құрылысына Президент тапсырмасымен 2,3 миллиард теңге бөлінген болатын. Құрылыс жұмыстарымен 13 мердігер компания айналысты.

Еске салайық, қыркүйектің басында Қостанай облысындағы өрттен 91 тұрғын үй өртенген болатын, оның 85-і Аманқарағай ауылында және 6-ы Озерное ауылында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама