25 мамыр 2021 | 15:14

Ақорда маңынан шығып жатқан түтін видеоға түсірілді

Видеодан алынған

Елорда тұрғындары Ақорда резиденциясы мен Жоғарғы сот ғимараты маңынан шығып жатқан қою түтіннің видеосын жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елорда тұрғындары Ақорда резиденциясы мен Жоғарғы сот ғимараты маңынан шығып жатқан қою түтіннің видеосын жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 25 мамырда сағат 14-06-да Нұр-Сұлтан қаласының Қонаев көшесінде терек мамығы жанып жатқаны анықталған. ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері өрт шыққан жерге шақырту бойынша барды. Оқиғаның видеосы Желіде тарап жатыр.

Реклама
Реклама

"Өрт сөндірушілер сағат 14:13-те келген бойда алдын ала 250 шаршы метр аумақта терек мамығы жанып жатқанын анықтады. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамнан 10 адам, 2 техника жұмылды. Өрт сағат 14.29-да сөндірілді", - делінген Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД қызметіндегілер қала тұрғынадрына ескерту жасады.

"Терек мамығын тұтатпаңыз және балалардың да оны жағуына жол бермеңіз. Көшеде терек мамығымен ойнап жүрген балаларға да ескертіңіз! Ойынның соңы қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін екенін түсіндіріңіз! Осылайша сіз қайғылы жағдайдың алдын ала аласыз", - делінген хабарламад.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная