11 маусым 2019 10:55

Ақорда Си Цзиньпиннің Тоқаевты құттықтау жеделхатын жариялады

Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануыңызға байланысты Үкіметтің және қытай халқының, сондай-ақ, жеке өзімнің атымнан жүрекжарды құттықтауым мен ізгі тілегімді білдіруді абырой санаймын.

Реклама
Реклама

Қытай мен Қазақстан тату көрші әрі стратегиялық әріптес саналады. Мен қазақ-қытай қатынастарын тереңдетуге баса мән беремін. Осыған дейінгі мемлекеттер басшыларының эстафетасын қабылдай отырып, екі елдің тұрақты әрі ұзақ мерзімді дамуы үшін жаңа парақты ашамыз және Сізбен тығыз байланыс орнатамыз деп үміттенемін", - делінген жеделхатта.  

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram