16 наурыз 2020 | 17:35

Ақорда Тоқаевтың арнайы қаулысын жариялады

Президенттің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президенттің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төменде қаулының мәтіні жазылған. 

Реклама
Реклама

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, мемлекеттік аппараттың тұрақты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін дағдарысты жағдайлар кезінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.   Дағдарысты жағдайлар кезеңінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың жұмыс істеуінің мынадай тетігі айқындалсын:

1)  Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын және ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін жоғары лауазымды тұлға ретінде, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық салада:

Қазақстан Республикасының Конституциясында реттелген мәселелерді қоспағанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін ұйымдастыру мен қызметі;

салық салу, мемлекеттік бюджетті қалыптастыру, нақтылау және пайдалану;

халықтың және экономиканың үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды әкелу және әкету;

мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру;

еңбекақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету, медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйесі мен шарттарын қалыптастыру;

шекті тарифтерді және халықтың және экономиканың үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға бағаларды белгілеу;

бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

лицензиялау, рұқсаттар және хабарламалар;

мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

құқық  тәртібін қамтамасыз ету;

қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдары;

елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру;

монополияға қарсы заңнама және бәсекелестікті қорғау;

Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асыру мәселелері бойынша реттеудің өзге де тәртібін көздейтін актілер қабылдауға немесе мемлекеттік органдарға тапсырмалар беруге құқылы;

2)  Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы органдар жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылықты жүзеге асыратын орган ретінде, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларында тікелей құзыреті болған кезде, оның ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген мәселелер бойынша өзге де тәртіпті көздейтін актілер қабылдауға немесе мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар беруге құқылы;

3)  Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларында тікелей құзыреті болған кезде, оның ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген мәселелер бойынша өзге де тәртіпті көздейтін актілер қабылдауға құқылы;

4)  орталық және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері мен тапсырмаларында тікелей құзыреті болған кезде, оның ішінде  осы  тармақтың 1) тармақшасында көзделген мәселелер бойынша өзге де тәртіпті көздейтін актілерді қабылдауға құқылы.

2.   Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1)  бір ай мерзімде заңнамалық актілерге осы Жарлықты іске асыруға, оның ішінде қажет болған кезде өзге де функцияларды қайта бөлуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;

2)  осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

3.   Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4.   Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная