21 маусым 2019 | 12:55

Ақорда Тоқаевтың атына келіп түскен құттықтауларды жариялады

Ақорда сайты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келген құттықтау жеделхаттарды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақорда сайты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келген құттықтау жеделхаттарды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай, құттықтау жеделхаттары келіп жатыр.  

Реклама
Реклама

Черногория Президенті Мило Джуканович Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

"Черногория Қазақстанмен барлық сала бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайта беруге ниетті. Жоғары деңгейдегі саяси диалог екі мемлекеттің қатынастарына тың серпін беретініне сенімдімін. Жуық арада Сізбен кездесеміз деген үміттемін", - делінген жеделхатта.

Палестина мемлекетінің Президенті Махмұд Аббас өзінің құттықтау хатында Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оған Қазақстанды дамыту және өркендету жолында алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін табыс тіледі.

"Сіздің басшылығыңызбен Палестина мен Қазақстанның арасындағы тығыз қатынастар халықтарымыздың мүддесі тұрғысынан нығая түсетініне сенімдімін", - деп жазды Махмұд Аббас.

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Қазақстан Президентін айқын жеңісімен құттықтап, Қазақстандағы мемлекеттік органдар мен орыс православ шіркеуінің епархиясының арасындағы жемісті өзара іс-қимылдар одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.  

"Рухани-ағартушылық, әлеуметтік және білім саласындағы ынтымақтастық елде бейбітшілік пен бақуатты өмір қалыптастыруға септігін тигізетініне сенімдімін", - деп атап өткен жеделхат авторы.

БҰҰ Даму бағдарламасының әкімшісі Ахим Штайнер халықаралық ұйымның жұмысы Қазақстанмен жемісті ынтымақтастыққа бағытталғанын атап өткен.

"Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен плюрализм мен адам құқығының әмбебап құндылықтарын қорғай береді деп сенемін. Сізбен және Сіздің Үкіметіңізбен тығыз ынтымақтастыққа бейілдігіміздің өзгермейтініне сенім білдіремін", - деп жазылған жеделхатта.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына өз құттықтауларын ТРАСЕКА үкіметаралық комиссиясының тұрақты хатшылығының Бас хатшысы Мирча Чиопрага, Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Фрэнсис Гарри жолдады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная