Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысушылар Ақордаға келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысушылар бірге суретке түсті.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі.
Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысының ашылуында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Грузия Президенті Михаил Кавелашвили, Әзербайжан Премьер-министрі Али Асадов, БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуа, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының директоры Ингер Андерсен, сондай-ақ БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молчан баяндама жасады.
Өңірлік экологиялық саммит Астанада 22-24 аралығында өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!