ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 мамыр 2025 11:59
Ақордада Италия премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті
Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті мен Италия премьер-министрі бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу