03 желтоқсан 2020 | 16:20

Ақордада саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Сурет: tengrinews.kz мұрағатынан

Нұр-Сұлтанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Биыл 24 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" Жарлыққа қол қойған болатын.

Реклама
Реклама

Осыған орай бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті.

Мемлекеттік комиссия құрамына ҚР Президент Әкімшілігі мен Үкіметінің өкілдері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік ұйымдардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен еліміздің ғалымдары бар. Барлығы комиссия құрамына 49 адам кіреді.

Қырымбек Көшербаев мемлекеттік комиссияның басты міндеті кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттарына қатысты тарихи әділеттілікті толық қалпына келтіру екенін атап өтті. Материалдарға жан-жақты әрі кешенді зерделеу жүргізгеннен кейін, халықаралық тәсілдер мен стандарттар негізінде толықтай заңды, ал жекелеген санаттарға қатысты – қуғын-сүргін құрбандарын саяси ақтау жоспарланып отыр.

Отырыс барысында мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастырудың міндеттері мен негізгі сәттері, оның 2020-2021 жылдарға арналған жұмыс жоспары, қуғын-сүргін құрбандарының түрлі топтарын ақтау жөніндегі қызметті әдіснамалық қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Қуғын-сүргінге ұшыраған әр түрлі топтарды ақтау бағыттарын пысықтау үшін арнайы жұмыс топтарын құру ұсынылды.  

Отырыс қорытындылары бойынша мемлекеттік комиссия төрағасы Қырымбек Көшербаев мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға Мемлекеттік комиссия қызметі мәселелері жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная