Ақорданың баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың келе жатқан туған күніне қатысты хабарлама таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
17 мамырда Мемлекет басшысы 72 жасқа толады.
Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін атап өтпейтінін және осыған байланысты ешқандай іс-шара жоспарланбағанын тағы да еске салды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай қандай да бір салтанатты іс-шаралар өткізу жоспарланбаған. Президент бұл күнді атап өтпейді", – деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.
Еске салайық, 2024 жылы да Президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев үшін 17 мамыр – жай күн екенін атап өткен еді.
"Президенттің принципті ұстанымы. Оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін тойлау әдетке айналмаған", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!