08 қазан 2020 | 09:04

"Ақордаға барамыз". Қазақстандық ірі компания қызметкерлері жалақы төлеуді талап етті

© kokshetau.asia

Көкшетау Азия агенттігінің редакциясына "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ Холдингі" АҚ-ның ішкі қауіпсіздік қызметкерлері он миллион теңге көлемінде жалақы төленбегені туралы шағыммен жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көкшетау Азия агенттігінің редакциясына "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ Холдингі" АҚ-ның ішкі қауіпсіздік қызметкерлері он миллион теңге көлемінде жалақы төленбегені туралы шағыммен жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания қызметкерлері бірнеше айдан бері жалақы, іссапар және зейнетақы жарналарын ала алмай жүргенін айтты. Журналистерге келгендер ақпаратты растайтын барлық құжатты ұсынды.

Реклама
Реклама

"Біз Ақордаға барамыз, парламентке жүгінеміз, президент бізді естиді деп үміттенеміз. Біз ойнап жүрген жоқпыз, менің үш балам бар, отбасымды асырауым керек. Сізден жалақы бойынша қарызды төлеуіңізді сұраймыз", - деді холдинг қызметкерлерінің бірі.

Жағдайды түсіндіру үшін басылым қызметкерлері компанияның қабылдау бөліміне хабарласқан. Кеңсе менеджері карантинге байланысты бұл жерде басшылықтан ешкім жоқ екенін айтты.

Компания жұмысшысы қызметкерлердің жалақысының кешіктірілуі туралы ақпаратты растады. Сонымен қатар, ол корпорацияның еңбек инспекциясына жағдайды реттеуге бір ай уақыт берілгенін хабарлады. Яғни, холдинг өкілінің айтуынша, қызметкерлерге қарыз төленеді.

Айта кетейік, "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ Холдингі" Қазақстанда дәнді дақылдар, қатты бидай, майлы және бұршақ дақылдарын өндірумен айналысады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная