Ақпанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы

Дина Шарипханова Корреспондент
Ақпанда ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 2026 жылғы ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 2026 жылғы ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, ақпанда қысқы суық сақаталады, алайда ай аяғына қарай күн айтарлықтай жылынады.

Ауа температурасы

Реклама
Реклама

Елдің басым бөлігінде аяз сақталады. Солтүстік пен шығыста -13-тен -18 градусқа дейінгі суық, ал елдің ең оңтүстігінде шамамен +3 градус болады.

Ай аяғына қарай ауа температурасы көтеріледі:

  • оңтүстік және оңтүстік-шығыста: 3–3,8 градусқа;
  • басқа өңірлерде: 0,5–1,5 градусқа.

Түркістан облысының оңтүстік аудандарында ақпанның бірінші жартысында ауа температурасы 0 градустан плюс мәндерге ауысады деп күтіледі.

Жауын-шашын

Көптеген өңірде 6-дан 27 миллиметрге дейін жауын-шашын болжанады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы және тау бөктері аймақтарында - 30–110 миллиметр.

Солтүстікте жауын-шашын негізінен қар түрінде түссе, оңтүстікте - қар мен жаңбыр аралас болады. Түркістан облысында жауын-шашынның шамамен жартысы аралас түрде жауады.

Жауын-шашынды күндер саны:

  • орта есеппен 10–12 тәулік;
  • шөлді аймақтарда - 6–7 тәулік.

Ақпанның аяғына қарай қардың қалыңдығы:

  • солтүстікте: 15–35 сантиметр;
  • оңтүстікте: 3–15 сантиметр;
  • таулы аймақтарда: 70 сантиметрден 2 метрге дейін жетеді.

Оңтүстікте тұрақты қар жамылғысы әдетте ақпанның екінші жартысында бұзыла бастайды.

Жел және басқа да құбылыстар

Желдің орташа жылдамдығы:

  • елдің басым бөлігінде: секундына 4,5–7,5 метр;
  • оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста: секундына 1–4,3 метр;
  • жекелеген аймақтарда (Каспий маңында, Мұғалжар таулары ауданында, асуларда): секундына 6–9,5 метрге дейін.

Сондай-ақ боран, көктайғақ және тұман болуы мүмкін, әсіресе солтүстік және таулы өңірлерде. Оңтүстікте қысқы найзағай болуы ықтимал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама