20 қаңтар 2022 | 09:44

Ақпанның аяғына дейін кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесі бекітіледі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Ақпан айының соңына дейін кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесі бекітіледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақпан айының соңына дейін кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесі бекітіледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің кәдеге жарату алымын жүргізу және кәдеге жарату алымына иелік етуді тоқтату жөнінде іс-шаралар қабылдауға тапсырма бергенін еске салды.

"Осы бұйрықты орындау шеңберінде 2022 жылғы 18 қаңтарда ҚР Үкіметі "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбір мәселелері туралы" қаулы қабылдады. Осыған байланысты өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып мемлекеттік ұйым ретінде "Жасыл даму" акционерлік қоғамы айқындалды. "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және тиісті қаражаттарға билік ету бөлігіндегі қызметі тоқтатылды", - деді министрліктен.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, бүгінгі күні тиісті уәкілетті органдар активтерді мемлекеттік меншікке беру, уәкілетті органдардың қорытындыларын ұсыну, "Жасыл даму" АҚ балансына беру, акционерлік қоғамды әділет органдарында қайта тіркеу және басқа да іс-шараларды қабылдап жатыр.

Айта кетейік, "Жасыл даму" акционерлік қоғамы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйым саналады.

"Кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесін төмендету мәселесі бойынша ҚР Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәдеге жарату алымының коэффициенттерін қайта қарау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Бұл мөлшерлемелер осы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітіледі. Жоғарыда көрсетілген жұмыс тобының қызмет нәтижелері туралы ақпарат министрліктің интернет-ресурсында орналастырылады. Көрсетілген уақытқа дейін кәдеге жарату алымы "Жасыл даму" АҚ операторына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша төленуде", - делінген министрлік ақпаратында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная