25 қыркүйек 2018 | 09:23

АҚШ азаматы Қазақстан ІІМ генералын бизнесін тартып алды деп айыптады. Министрліктің жауабы

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері АҚШ азаматының Павлодар облыстық ІІД басшысы Амантай Әубәкіровті рейдерлік жасады деп айыптауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері АҚШ азаматының Павлодар облыстық ІІД басшысы Амантай Әубәкіровті рейдерлік жасады деп айыптауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 қыркүйекте YouTube желісінде "Генерал МВД РК ограбил американца" атауымен ролик жарияланды. Онда Павлодар облыстық ІІД басшысы генерал-майор Амантай Әубәкіров "АҚШ азаматына тиесілі компания мен мейрамхананы рейдерлік жолмен тартып алды" делінеді.

Реклама
Реклама

"Мен - АҚШ азаматы Александр Ли. 2014 жылы Қазақстанға бизнес ашу үшін келдім, инвестиция құйып, жергілікті тұрғындарға жұмыс орындарын ашқым келді. Алматыда тұңғыш испан мейрамханасын ашып, алкоголь импорты мен көтерме саудасымен айналысатын компания аштым.

2017 жылы Павлодар облысының ІІД басшысы, Қазақстан ІІМ министрінің бұрынғы орынбасары Амантай Әубәкіров рейдерлік басып алу жолымен бизнесімді тартып алды. Оның қызы мен күйеу баласы компаниямның материалдық құнды заттарын иемденіп алды, ал әйелі алкоголь импортымен және көтермен саудасымен айналысатын компаниямды өз бақылауына алды. Олардың заңсыз әрекетінен келген шығын 69 миллион теңгеден асады", - деп мәлімдейді видеода Александр Ли.


Видеоүндеуден скриншот.

23 қыркүйекте Қазақстан ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев Tengrinews.kz тілшісіне АҚШ азаматының видеоүндеуіне қатысты пікір білдірді.

"ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті АҚШ азаматы А.В.Лидің Павлодар облыстық ІІД басшысы А.А.Әубәкіровтің заңсыз әрекеті туралы арызы бойынша тексеріс жүргізіп, оның барысында Әубәкіров пен оның отбасының Алматыда бизнесті рейдерлік жолмен тартып алды деген айыптаулар расталмады.

2012 жылы үш азамат, оның ішінде Ли мен А.А.Әубәкіровтің әйелі С.С.Әубәкірова бірігіп ЖШС құрған. Біраз уақыт өткеннен кейін Ли құрылтайшыларға ескертпей ЖШС үлесінің 50 пайызын келісімшарт негізінде үшінші тұлғаға сый ретінде құжатқа қол қойған. Осыдан кейін құрылтайшылар арасында дау туған, дау әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. 

2017 жылдың 1 желтоқсанында құрылтайшылар Лиге ЖШС ғимаратының жалға алу мерзімі аяқталғанын ескертіп, онымен әрі қарай әріптестікті тоқтату туралы айтқан. Өз кезегінде Ли полицияға арызданып, оларды ЖШС мүлкін рейдерлік жолмен тартып алды деп айыптаған, осы істің соталды тергеуі қазіргі уақытта азаматтық шағымдар бойынша сот шешімін шығару үшін тоқтатылған.

Сонымен қатар, С.Әубәкірова Лиді өз мойнына алған міндеттемелерді орындамауға байланысты алаяқтық әрекет жасады деп прокуратураға шағымданды, соталды тергеудің мерзімі де азаматтық даудың шешімін шығару үшін тоқтатылған. Екі қылмыстық іс те бақылауда, Лидің тарапынан түскен шағымды да прокуратура тексерді, тергеу органдарының тарапынан қылмыстық-процестік заңнаманы бұзу дерегі анықталмады", - делінген ІІМ ресми өкілінің жауабында. 

Амантай Әубәкіров 1963 жылы 27 ақпанда Алматыда туған. Қазақстан ІІМ еңбек сіңірген қызметкері. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. Мамандығы: заңгер. Полиция генерал-майоры.

1984 жылдың тамызынан - Алматы қалалық атқару комитеті Ішкі істер басқармасы қылмыстық іздестіру басқармасының жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі. 1991 жылдың тамызы мен 1995 жылдың қаңтарына дейін - Алматы қаласы Алатау АІІБ криминалдық милиция бөлімшесінің бастығы, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы. 1995 жылдың қаңтары мен 1995 жылдың желтоқсанына дейін - Алматы қаласы Алатау АІІБ бастығының бірінші орынбасары. 1995 жылдың желтоқсаны мен 1997 жылдың мамырына дейін - қаласы МТК Бас басқармасы Медеу ауданы бойынша БТК Бас басқармасының бастығы.

1997 жылдың мамыры мен 2000 жылдың ақпанына дейін - Алматы қаласы Бостандық АІІБ бастығы. 2000 жылдың ақпаны мен 2001 жылдың қазанына дейін - Алматы қаласы Медеу АІІБ бастығы. 2001 жылдың қазаны мен 2003 жылдың маусымына дейін - Алматы қаласы Ішкі істер бас басқармасы Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары. 2003 жылдың маусымы мен 2007 жылдың тамызына дейін - Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы. 2007 жылдың тамызы мен 2009 жылдың қыркүйегіне дейін - Алматы қаласы ІІД бастығының бірінші орынбасары.

2009 жылдың қыркүйегі мен 2011 жылдың шілдесіне дейін - Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары, бірінші орынбасары. 2011 жылдың шілдесінен бастап - Астана қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы. Марапаттары: 2005 жылы "Ерлігі үшін" медалі; 2007 жылы атаулы қару; 2008 жылы ІІ дәрежелі "Айбын" ордені; 2013 жылы ІІ дәрежелі "Даңқ" ордені.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная