08 ақпан 2023 | 12:19

АҚШ көктемде Bereke банкіне салынған санкцияларды алып тастайды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстандық "Bereke bank" (бұрынғы Сбербанк Қазақстан) банкке салынған санкция наурызда алынып тасталмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық "Bereke bank" (бұрынғы Сбербанк Қазақстан) банкке салынған санкция наурызда алынып тасталмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

""Bereke bank" наурызда АҚШ билігінің санкцияларды алып тастау шешімін күтіп отырғанын хабарлайды. Банк Шетелдік активтерді бақылау басқармасынан (OFAC) банкті санкциялардан шығару туралы АҚШ Конгресіне өтініш бергені туралы ақпарат алды", - делінген хабарламада.

Себебі, қаржы институты меншік иесін өзгертіп, енді акционері Қазақстан үкіметі болып табылатын "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі.

Реклама
Реклама

"Барлық қажетті құжаттар АҚШ-тың тиісті органдарына тапсырылды. Біздің болжауымызша, шешім наурызда қабылданады. Бұл банк валюталық операциялармен жұмыс істеуге қайта оралып, шетелдіктермен корреспонденттік қарым-қатынасты қалпына келтіре алады деген сөз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная