АҚШ Конгресінің мұрағатынан Turkestan әні табылды

Turkestan әнінің пластинкасы АҚШ Конгресс кітапханасының архивінен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.⠀

Turkestan әнінің пластинкасы АҚШ Конгресс кітапханасының архивінен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.⠀

Түркістандағы "Farab" кітапханасының ғылыми-зерттеу еңбегінің нәтижесінде бұл әннің пластинкасы АҚШ Конгресс кітапханасының архивінен табылғаны хабарланды.

"Түрлі мұрағаттық деректер бойынша, пластинка 1906 жылы немесе 1919 жылы жазылған болуы мүмкін. Бұл ән 1919 жылы Бродвей хиті болды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Turkestan сөзін - Бобби Джонс (Bobby Jones), музыкасын - Джек Стерн (Jack Stern) жазған, ал орындайтын - "American Quartet" тобы.

Конгресс кітапханасы (the Library of Congress) - АҚШ-тың үш жоғары федералды мемлекеттік органының біріне ресми қызмет көрсететін және елдің де-факто ұлттық кітапханасы саналатын ғылыми-зерттеу кітапхана. Ол әлемдегі ең үлкен кітапхана дәрежесіне үміткер. Онда әлемнің барлық бөлігінен 450-ден аса тілде зерттеу материалдары жиналған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная