АҚШ Орталық комитетінің қолбасшысы Нұр-Сұлтанға келді

Дина Шарипханова Корреспондент
АҚШ Орталық комитетінің қолбасшысы Нұр-Сұлтанға келді

Еліміздің Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов АҚШ Орталық комитетінің қолбасшысы генерал Кеннет Маккензиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

Кездесу Нұр-Сұлтан қаласында өткен. Вндомство мәліметінше, тараптар Ауғанстандағы жағдай мен өңірлік қауіпсіздікті, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы халықаралық әскери ынтымақтастықты, оның ішінде бітімгершілік қызмет шеңберіндегі мәселелерді талқылаған.

Реклама
Реклама

Кеннет Маккензи CENTCOM басшылығына 2019 жылдың наурызында тағайындалған. Америкалық генерал бұрын Ауғанстанда қызмет еткен, сондай-ақ теңіз корпусында басшы және Пентагондағы штаб басшыларының Біріккен комитеті төрағасы болған.

АҚШ Орталық қолбасшылығы (ағылш. United States Central Command; USCENTCOM немесе CENTCOM) - Орта Шығыс, Шығыс Африка және Орталық Азия өңірлерінде әскери іс-қимылдар болған жағдайда америкалық әскер операцияларын жоспарлауға және басқаруға жауап беретін АҚШ Қарулы күштері құрамындағы бірыңғай қолбасшылық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама