23 наурыз 2021 | 10:42

АҚШ-та Джохар Царнаевты өлім жазасына кесу ісі қаралады

Tengrinews.kz архиві

АҚШ Жоғарғы Соты Джохар Царнаевтың ісін қайта қарайды, бұған дейін апелляциялық сот өлім жазасын алып тастап, оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости және REUTERS.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ Жоғарғы Соты Джохар Царнаевтың ісін қайта қарайды, бұған дейін апелляциялық сот өлім жазасын алып тастап, оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости және REUTERS.

Былтыр Джохар Царнаевқа қатысты өлім жазасы сот үкімімен тоқтатылған болатын. Дональд Трамптың әкімшілігі, оның ішінде АҚШ-тың экс-президенті және Бас прокурор Царнаев үшін өлім жазасына қол жеткізетінін мәлімдеген еді.

REUTERS мәліметінше, президент Джо Байденнің әкімшілігі Трамптың кезінде сотқа берілген бірнеше іске өзінің жеке көзқарасы барын мәлімдеді, бірақ Царнаевтың ісі бойынша ешқандай мәлімдеме жасалмады.

Реклама
Реклама

"Жоғарғы сот үкіметтің" Бостон террорисі" Джохар Царнаевтың ісін қайта қарау туралы өтінішін қарайды", - деді Жоғарғы Сот Twitter-де.

Еске салайық, 2015 жылдың басында Джохар Царнаев Бостондағы үш адам қаза тауып, 260 адам жарақат алған лаңкестікке байланысты айыпты деп танылған болатын. 15 мамырда алқа соты оны өлім жазасына кескен болатын.

Бостондағы теракт кезінде қаза тапқандар: 8 жастағы Мартин Ричард, 29 жастағы Кристайл Кэмпбелл және 23 жастағы Линцзу Лу.

Өлім жазасына кесілген Царнаев сотта алғаш рет сөз сөйледі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная