ПОДЕЛИТЬСЯ
19 шілде 2020 | 10:03
АҚШ-тағы эпидахуал: 140 мыңнан аса науқас көз жұмды
АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар арасында өлім көрсеткіші 140 мыңнан асты, 3,7 миллионнан астам адамнан вирус анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар арасында өлім көрсеткіші 140 мыңнан асты, 3,7 миллионнан астам адамнан вирус анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, Америка Құрама Штаттарында коронавирус жұқтырғандар анықталғаннан бері 140 105 пациент көз жұмған, осы уақытта COVID-19 диагнозы қойылған 3 707 023 адам бар.
Университет мәліметінше, бүкіл әлемде індет басталғалы 14 231 248 жұқтыру жағдайы және 601 мыңнан астам өлім тіркелген.
Еске салайық, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты пандемия жариялған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также