23 сәуір 2021 09:51

АҚШ Тоқаевтың реформаларын қолдайды - мемхатшы

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараптар халықаралық күн тәртібі мен екіжақты қарым-қатынастардың маңызды мәселелерін, оның ішінде кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету перспективаларын талқылады.

Тілеуберді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолға қойған Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесін одан әрі демократизациялауға бағытталған реформалар жөнінде хабардар етті. АҚШ мемлекеттік хатшысы, өз тарапынан: "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси реформалар жоспарын АҚШ табанды қолдайтынын" мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығына арналған іс-шараларға дайындық пен олардың кестесі және С5+1 диалог платформасының жуырда өтетін онлайн отырысы қарастырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram