АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі екі ел арасындағы қарым-қатынас туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі Дэниел Розенблюм екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі Дэниел Розенблюм екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Розенблюмнің сөзі Америка елшілігінің Instagram парақшасында жарияланды.

Дипломат сөзін қазақ тілінде амандасудан бастап, жұбайын жұртшылыққа таныстырды.

Реклама
Реклама

"Менің ойымша, бізде екіжақты қарым-қатынасты нығату үшін теңдесі жоқ және бұрын-соңды болмаған мүмкіндік бар. Мен Қазақстанның алдында тұрған үлкен сын-қатерлерді де көремін. Бұл сынақтар маған АҚШ-Қазақстан қарым-қатынасы үшін үлкен мүмкіндіктер болып көрінеді", - деді елші.

2019 жылдан бері Дэниел Розенблюм АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарды. 2014 жылдың шілдесінен 2018 жылдың шілдесіне дейін Розенблюм Мемлекеттік департаменттің Оңтүстік және Орталық Азия істері бюросында Мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары қызметін атқарды. Оның міндеттеріне АҚШ-тың Орталық Азиядағы бес мемлекетпен: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанмен саясаты мен дипломатиялық қарым-қатынастарын басқару кірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная