14 ақпан 2019 18:12

АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды

Уильям Мозер. © state.gov

Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы жаңа елшісі болып Уильям Мозер тағайындалды. Ол елордаға осы сенбіде, 16 ақпанда келеді деп жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы жаңа елшісі болып Уильям Мозер тағайындалды. Ол елордаға осы сенбіде, 16 ақпанда келеді деп жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Уильям Мозер мырзаны ант қабылдап, Қазақстандағы АҚШ елшісі болып тағайындалуымен құттықтаймыз! Таяу арада оның келуін күтеміз", - делінген елшіліктің Facebook желісіндегі парақшасында. 

Реклама
Реклама

Оның келісімен елшінің сенім грамотасының көшірмесі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне жіберіледі, сосын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елшімен кездесу мерзімі бекітілген күн туралы ескертіледі. 

Уильям Мозер АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болуға кандидат екенін президент Дональд Трамп 2018 жылы тамызда айтқан еді. 

Мозер 1984 жылдан бері дипломатиялық қызметте жүр. Ол Украина, Қазақстан, Мысыр, Суринам, Молдова және Мали сынды елдерде АҚШ елшісі болған. 

Мозер орыс, неміс және француз тілдерінде еркін сөйлейді. Отбасын құрған, үш баласы бар. 

Осыған дейін АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Джордж Крол 2018 жылы күзде қазақстандықтармен қоштасу видеосын жариялаған еді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram