25 қаңтар 2020 18:08

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға 1 ақпанда ұшып келеді

Камила Долаева Журналист
© Reuters

2020 жылдың 1-2 ақпанында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео іссапармен Нұр-Сұлтанда болады. Бұл туралы Қазақстан СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2020 жылдың 1-2 ақпанында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео іссапармен Нұр-Сұлтанда болады. Бұл туралы Қазақстан СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сапар аясында Помпеоның ел басшылығымен және ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі қарастырылған. Кездесу барысында екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланады", - деп хабарлады сыртқы саяси ведомство өкілі.

Реклама
Реклама

Еске салсақ, Майкл Помпео Қазақстанға 5 қаңтарда келуі тиіс еді. Алайда 2 қаңтарда АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Бағдадтағы америкалық елшілік ғимаратындағы тәртіпсіздіктерге байланысты бес елге жоспарланған сапарын кейінге қалдырған болатын.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram