ПОДЕЛИТЬСЯ
08 ақпан 2024 | 10:11
Ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль бағамы қандай?
Қазақстанда ақша айырбастау пункттерінде 8 ақпандағы доллар, еуро және рубльдің бағамдары белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда ақша айырбастау пункттерінде 8 ақпандағы доллар, еуро және рубльдің бағамдары белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Kurs.kz мәліметінше, Алматы ақша айырбастау пункттерінде сағат 08:30-дағы жағдай бойынша, долларды сатудың орташа бағамы 453,51 теңге, сатып алу бағамы 451,61 теңге. Еуроны сату – 489,53 теңге, сатып алу – 486,39 теңге болды. Ресей рублін 5,00 - 4,90 теңгеге сатып алуға болады.
Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатылу бағамы 454,50 теңге, сатып алу бағамы 450,43 теңге болған. Еуро 490,08 теңгеден сатылып, 484,94 теңгеден сатып алынады. Рубль 5,05 теңгеден сатылып, 4,89 теңгеден сатып алынады.
Айта кетейік, Ұлттық Банктің 8 ақпандағы ресми бағамы бір доллар үшін 452,14 теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также