Ақша бопсалаған: ҰҚК көліктік бақылау қызметкерлеріне қатысты іс қозғады

видео кадры

ҰҚК көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесу туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК мәліметіне сілтеме жасап.

ҰҚК көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесу туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК мәліметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында жедел-тергеу шараларының шеңберінде Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшыларын ұстады.

Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалағандары үшін күдікті болып отыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама