20 тамыз 2024 | 12:29

Ақша салынған пакет: ЭТД басшысының бұрынғы орынбасары сотталды

Видео кадры

Қызылорда облысы Экономикалық тергеу департаменті басшысының экс-орынбасары сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысы Экономикалық тергеу департаменті басшысының экс-орынбасары сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Алматы қалалық соты Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары А. Қасымбаев пен кәсіпкер Ж. Сәкеновке үкім шығарды.

Олар алаяқтыққа оқталғаны және Алматы қаласы кәсіпорындарының бірі директорының қылмыстық ісін тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 10 миллион теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Реклама
Реклама

Сот үкімімен Қасымбаев пен Сәкенов әрқайсысы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная