ПОДЕЛИТЬСЯ
02 маусым 2022 | 06:38
"Ақшаны өздеріңмен бірге алып келіңдер": Желіде мұғалімдер чатындағы жанжал қызу талқыға түсті
Желіде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының мұғалімдері чатындағы жанжал қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының мұғалімдері чатындағы жанжал қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Чатта белгісіз әйел курсқа барлық мұғалім қатысуға міндетті екенін, тізімді тексеретінін, ақшаны қолма-қол алып келу керегін, 215 мұғалімнің 124-і ақылы жазылғанын айтады.
"Ешқандай банк картасымен емес, төлемді өздеріңмен бірге алып келіңдер. Қатыспайтындар директордың қолы қойылған түсіндірме хат әкеліңдер", - дейді әйел.
Алматы облысының білім басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Басқарма мәліметінше, осы оқиғаға қатысты аудандағы оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері жазаланған.
"1-4 маусым аралығында Еңбекшіқазақ ауданында екі күндік ақылы ағылшын тілі курстары өтті. Біз ақылы курстар мен семинарлар өткізуге қатаң тыйым саламыз. Аудандағы оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері тиісті жазаларын алды", - деді басқарма.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также