Ақшаңызды қалай қорғауға болады: 10 сабақ арқылы “Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарт“

Ақшаңызды қалай қорғауға болады: 10 сабақ арқылы “Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарт“ Бейнесабақ кадры

Жалақыңыз көзді ашып-жұмғанша жоқ болып кете ме? Ақшаңыз қайда кетіп жатқанын және оны қай жерде сақтаған дұрыс екенін білмейсіз бе? Инвестиция жасағыңыз келеді, бірақ неден бастарыңызды білмей жүрсіз бе? Біреулер табысты инвестиция жасауды ұсынады: тәуекел жоқ сияқты, апта сайын тұрақты табысты уәде етеді, бірақ ішкі түйсігіңіз оның алаяқтар екенін сезе ме? Дұрыс: алаяқтар қазір түрлі схема ойлап тауып жатыр, сондықтан әрдайым сақ болып, қаржылық сауаттылықты дамыту қажет.

Дәл осы себепті "Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту" атты арнайы жобаны іске қостық. Бұл - қазақ және орыс тілдерінде қаржы тақырыбын күрделі терминдерсіз, жалықтырмай түсіндіретін 10 қысқа сабақтан тұратын бейнекурс. Сабақтарды инвестиция және қаржы жөніндегі танымал қазақстандық сарапшы Әсел Әуелбекова жүргізеді.

Реклама
Реклама

Әр сабақтың ұзақтығы 5–10 минут және көрнекі материалдармен толықтырылған. Сабақтан кейін қысқа тест ұсынылады, ол нақты өмірде қайндай тәуекелге барып жүргеніңізді және қандай қателіктерді түзетуге болатынын түсінуге көмектеседі.

Бұл курс ҚНРДА бастамасымен әзірленген. Курста алаяқтықтың ТОП-5 схемасы, кредиттік тарихты қалай бүлдіріп алмау керек, микроқарыз деген не және оны қашан алған дұрыс, қаржы пирамидасын қалай тануға болады, банк пен МҚҰ лицензиясын қалай тексеру керек және дропперге айналмау жолдары туралы білесіз. Сонымен қатар, курс қаржылық жоспарлауды неден бастау керек екенін, ақшаны қай жерде қауіпсіз сақтауға болатынын және инвестицияға қорықпай әрі хайпсыз қалай қадам жасау керек екенін түсіндіреді.

Сабақтарда Әсел нақты кейстерді талдап, пайдалы сілтемелермен бөліседі, сондай-ақ шығындар мен табысты тіркеуге арналған қарапайым схемалар мен трекерлер ұсынады.

"Қаржыға қатысты көзқарасты жаңарту" - жалақыдан жалақыға дейін өмір сүруді тоқтатып, ақшаны басқаруды үйренгісі келетін, алаяқтардың схемаларын тануды және қаржылық ойлау жүйесін қайта құрғысы келетіндерге арналған жоба. Курс арнайы дайындықты, экономикалық білімді немесе бастапқы капиталды талап етпейді. Ол студенттерге, отбасыларға, кәсіпкерлерге және қаржысын ретке келтіргісі келетін кез келген адамға сай келеді.

Курстан өтіп, туыстарыңыз және жақындарыңызбен де бөлісіңіз. Күніне сабаққа бөлген 10 минутыңыз ақшаңызды сақтауға көмектеседі. Жоба серіктестері: Jet finance, Sapa Digital finance, MyСar finance.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама