ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қараша 2020 | 16:10
Ақсу тұрғыны екі жыл бойы төрт оқушыға зорлық-зомбылық көрсетіп келген
Ақсу тұрғыны екі жыл бойы төрт кәмелетке толмаған балаға зорлық-зомбылық көрсетіп келді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақсу тұрғыны екі жыл бойы төрт кәмелетке толмаған балаға зорлық-зомбылық көрсетіп келді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімовтің ақпараты бойынша, бұл жағдай оқушылар жасырын сауалнамадан өткеннен кейін белгілі болған. Ол жыныстық қылмыстардың көбейгенін хабарлады. Мысал ретінде Ақсу қаласындағы деректердің бірін келтірді.
"Жыл басынан бері оқу орындарында психологтармен бірлесіп зорлық-зомбылық деректерін анықтау бойынша оқушыларға сауалнама жүргізілді, жасырын өтініш білдіру үшін "сенім жәшіктері" орнатылды. Мектептердің бірінде "сенім кабинеті" ашылды. Осындай жұмыстың нәтижесінде 2020 жылы 34 қылмыс тіркелді, оның 23-ін Ақсу қаласының тұрғыны төрт оқушыға қатысты жасаған", - деді Мәсімов.
Полиция қызметкері күдікті 2016-2018 жылдар аралығында мектеп оқушыларына қатысты зорлық-зомбылық жасағанын айтты. Ер адамның зардап шеккен балаларға кім болып келетіні туралы ақпарат жоқ.
Ресми деректер бойынша, биыл Павлодар облысында жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге өскен.
"Талдау көрсеткішіне сәйкес, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы 60 қылмыстың 13-ін туыстары мен өгей әкелері жасаған", - деді Мәсімов.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также