11 мамыр 2023 | 15:22

Ақтау әкімдігі подъездің төбесі құлаған оқиға туралы тың деректер айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтау әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы өкілі тұрғын үйдің кіреберісінің төбесі құлаған оқиға туралы тың деректер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтау әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы өкілі тұрғын үйдің кіреберісінің төбесі құлаған оқиға туралы тың деректер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 мамырда 9-шағынаудандағы үйлердің бірінде кіреберістің бетоны құлады. Төтенше жағдай салдарынан бір ер адам қаза тауып, тағы екеуі зардап шекті.

"9-шағынаудан, 4-үй мекенжайындағы кіреберісті бөлшектеу бойынша жоспарлы жұмыстар барысында бетон құлады. Өкінішке қарай, бір адам қаза болды, тағы екеуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың бәрі - "Нестле Мол" сервис компаниясының қызметкерлері, олар "Татьяна" пәтер иелерінің кооперативіне қызмет көрсетті", - деді Tengrinews.kz-ке Ақтау әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы өкілі.

Реклама
Реклама

Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жергілікті жерде Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

"Марқұмның отбасына көңіл айтамыз", - деді қала әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда кіреберіс шатыры құлап, бір адам мерт болғаны, зардап шеккендер бар екені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная