ПОДЕЛИТЬСЯ
03 наурыз 2023 | 08:56
Ақтау әкіміне не үшін айыппұл салынғаны белгілі болды
Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері қала басшысы Ербол Ізбергеновке не үшін айыппұл салынғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері қала басшысы Ербол Ізбергеновке не үшін айыппұл салынғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтау әкімдігінің Ақтаудағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын қолданыстағы "шаруашылық блогын орналастыру және пайдалану үшін" "тұрғын үй кешенінің құрылысына"өзгерту туралы шешім қабылдамауы ақшалай өндіріп алуға себеп болған.
"Әкімдік тұрғын үй кешенінің нүктелік құрылысы жағдайында инженерлік желілерге (сумен, жылумен жабдықтау, электр желілері және т.б.) жүктеме артатынын ескерген. Одан бөлек, тұрғын үй кешені салынған жағдайда инфрақұрылымды (тұрақ орындарын, балалар алаңдарын) және шағын ауданішілік жолдардағы автомобиль кептелістерін ұйымдастыру бойынша проблемалар туындайды. Сонымен қатар, әкімдік 9-шағынаудан тұрғындарының тұрғын үй кешенін салуға қарсы пікірін назарға алды", - деп түсіндірді қала әкімшілігі.
Еске салайық, кеше, 2 наурызда Ақтау әкіміне 172 500 теңге көлемінде айыппұл салынғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также