ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 маусым 2020 10:11
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Ақтау әкімі Ғалымжан Ниязовқа сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды inAktau.kz.
Ақтау әкімі Ғалымжан Ниязовқа сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды inAktau.kz.
Басылымның мәліметінше, өңір басшысы Серікбай Тұрымов ескерту жасаған. Ниязов қалада жасыл көшеттерді уақтылы отырғызбағаны үшін сөгіс алып отыр.
Серікбай Тұрымовтың айтуынша, облыс орталығының әкімі міндеттер мен тапсырмаларды дұрыс деңгейде орындамай жүр.
Сондай-ақ, дереккөз мәліметінше, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоқыс, санитарлық тазалау, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері үшін Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтізаровқа да сөгіс жарияланғаны белгілі болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу