13 желтоқсан 2017 | 21:21

Ақтау халықаралық әуежайы 1 миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті

Ақтау халықаралық әуежайы 1 миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтау халықаралық әуежайы 1 миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтау халықаралық әуежайында миллионыншы жолаушыны анықтау рәсімі салтанатты түрде өтті. Шара Елордамыз Астана қаласының 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған.

Реклама
Реклама

2016 жылы әуежайда 865 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетілген.  Ал, биыл 1 млн. жолаушы сапарға шыққан. Мұнда алыс және жақын шетелдерге 24 бағыт бойынша ұшуға мүмкіндік бар. Ақтау әуежайынан Мәскеу, Стамбул, Баку қалалары арқылы әлемнің кез-келген жеріне саяхаттауға болады. Болашақта Милан, Амстердам, Лондон, Дубай, Горган, Туркменбашы, Самарқанд бағытына рейстер ашылмақ.

"Бүгін киелі түбекте 21 жыл бұрын салынған шағын әуежай, қазір Еуразия континентіндегі заманауи әуежайларға сай келетін әуежайлардың бірі. 2009 жылы Ақтау әуежайы - "ТМД елдері арасындағы ең үздік әуежай" атағын иеленсе, 2010 жылы "ТМД елдерінің әуежайлары арасындағы ең қарқынды дамушы әуежай" атанды. Бүгінде осы әуежайдан Елордамызға өңірімізден 1 миллионыншы жолаушысын шығарып салғалы тұр. Сапарларыңызға сәттілік тілеймін!", - деді сөз алған аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

Шара аясында  жеңімпаздың есімі лоторея жүргізу әдісімен кездейсоқ анықталды. Алдын-ала Елордаға аттанғалы тұрған барлық жолаушыларға тіркелу кезінде 2 дана ұшаққа отырғызу талоны берілген. Осылайша, талонның 1 данасын ұйымдастырушылар алып, арнайы жәшікке салған.

Жеңімпаздың атын әуежайдағы ең кішкентай жолаушы мен өңір басшысы Ералы Тоғжанов анықтады. Оның есімі - Сұлтангерей Тілегенов. Астана қаласына үстел тенисінен жарысқа кетіп бара жатқан ол қуанышын жасыра алмады.

Жеңімпазға Бек Air әуе компаниясының қолдауымен Қазақстанның әрбір қаласына тегін сапар шегуге жолдама мен Ақтау халықаралық әуежайында 1 жыл тегін CIP-залынан тегін қызмет көрсету сертификаты табысталды.

Сондай-ақ, мереке аясында әуежайда аянбай еңбек етіп жүрген мамандар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, жуырда Ақтау халықаралық әуежайына Сенегал Президенті Маки Салл бастаған делегация келді. Негізгі бағыттары - Жапония. Қонақтар қатарында Сенегал елінің бірінші ханымы, Дакар қаласының мэрі мен бірқатар министрлер бар. Делегаттарды облыс әкімі арнайы қарсы алып, ұлттық салт-дәстүрге сай шапан кигізді. Олар қазақ елінің қонақжайлылығына риза болып, ризашылықтарын жеткізді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная