Ақтау маңында жанармай тиелген цистерна жарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтау маңында жанар-жағармай материалдары тиелген цистерна жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Ақтау маңында жанар-жағармай материалдары тиелген цистерна жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиғаның мән-жайын азаматтық қорғау капитаны, Мұнайлы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Жайнат Әуесбаев айтты.

Оның айтуынша, 7 қаңтарда сағат 21.00 шамасында Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылында орналасқан "BBJ GROUP" ЖШС көлік компаниясының базасында жанар-жағармай құйылған цистернасы жарылып, содан кейін өрт шыққан.

Реклама
Реклама

Жарылыс салдарынан жараланған екі адам облыстық ауруханаға жеткізілді.

"Өрт толығымен сөндірілді. Себептері анықталып жатыр", - деді Жайнат Әуесбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама