Ақтау маңындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтау маңында жанармай тиелген цистерна жарылысынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтау маңында жанармай тиелген цистерна жарылысынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қайтыс болған адам - 1989 жылы туған азамат.

"Өкінішке қарай, бір науқас қайтыс болды. Зардап шеккен екінші адам - 1981 жылы туған азаматтың жағдайы ауыр. Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін істеп жатыр", - деді Маңғыстау облыстық аурухананың баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, кеше, 8 қаңтарда Ақтау маңында жанармай тиелген цистерна жарылғаны хабарланған болатын.

Оқиғаның мән-жайын азаматтық қорғау капитаны, Мұнайлы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Жайнат Әуесбаев айтты. Оның сөзінше, 7 қаңтарда сағат 21.00 шамасында Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылында орналасқан "BBJ GROUP" ЖШС көлік компаниясының базасында жанар-жағармай құйылған цистернасы жарылып, содан кейін өрт шыққан. Жарылыс салдарынан жараланған екі адам облыстық ауруханаға жеткізілген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама