29 қаңтар 2023 | 11:14

Ақтау маңындағы шұңқырдан ондаған ит өлексесі табылған

Ақтауда жануарлар құқығын қорғаушылар бұралқы иттердің өлексесін видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, бұл иттер жақында Мұнайлы ауданында атылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда жануарлар құқығын қорғаушылар бұралқы иттердің өлексесін видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, бұл иттер жақында Мұнайлы ауданында атылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

"Мен, барлық үй жануарларын қорғаушы мен түсінігі мол адам сияқты, зарарсыздандыруға бөлінген ақша өз мақсатына жұмсалмай, шенеуніктердің қалтасына түседі деп есептеймін. Мүлдем ештеңе жасалмайды. Тек үнемі адамдарды алдайды", - дейді жануарлар құқығын қорғаушы Татьяна Ткач.

Адамдар ит атумен айналысқандарды түсіріп үлгерген. Олардың тіркемесінде бірнеше өлі ит болған.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, 2011, 2015, 2020 және 2022 жылдары билік Ақтауда жануарларға арналған крематорий сатып алғанын хабарлады. Бірақ бүгінгі күнге дейін оны істеп тұрғанын ешкім көрген жоқ.

Жануарларды қорғаушылар облыс әкімдігі мен полиция қызметкерлерінің осыған назар аударуын сұрайды.

"Олар өртенбейді, жерленбейді, бірақ олар шіріп, түрлі инфекцияны таратсын деп қала сыртына лақтырылады. Шынымды айтсам, бұл - барып тұрған тәртіпсіздік. Егер олар жануарлардың өлексесін тастай алмаса, онда олардан не талап ете аламыз. Адамгершілікке жатпайтын қатыгездік шектен тыс шығып бара жатыр", - дейді қоғам қайраткері және блогер Азамат Сәрсенбаев.

Бұған дейін Павлодарда белгісіз біреулер итті қатты соққыға жығып, қоқыс жәшігіне тастап кеткені хабарланған болатын. Полиция қызметкерлері жануарларға қатыгездік таныту дерегін тергеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная