Ақтау полициясы ер адамды неге “күштеп“ ұстағанын түсіндірді

Ақтау полициясы ер адамды неге “күштеп“ ұстағанын түсіндірді Бейнеден алынған кадрлар

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы арнайы қабылдау орнында түсірілген видео тарады. Кадрда үш полицейдің бір ер адамды ұстап тұрғаны көрінеді. Желіде қызу талқыланған жағдайға өңірлік полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы арнайы қабылдау орнында түсірілген видео тарады. Кадрда үш полицейдің бір ер адамды ұстап тұрғаны көрінеді. Желіде қызу талқыланған жағдайға өңірлік полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram парақшаларының бірінде жарияланған. Онда бірнеше полиция қызметкері ер адамды ұстап, оның босап шығуына немесе қарсылық көрсетуіне жол бермей тұрғанын байқауға болады.

Полиция не дейді?

Жарнама
Жарнама

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 6 мамырда Ақтау қалалық полиция басқармасында болған.

Полицияның хабарлауынша, видеодағы ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Ол арнайы мекемеде ұстау тәртібін бұзған.

"Ол полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындаудан бас тартып, агрессия танытты және арнайы мекеменің ішкі тәртібін сақтауға кедергі келтірді", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Полиция ер адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабы, яғни "полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбау" бойынша жаңа әкімшілік хаттама толтырылғанын мәлімдеді.

Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Сонымен бірге департамент полицейлер ер адамға күш қолданбағанын айтты.

"Әлеуметтік желіде тарап жатқан полиция қызметкерлері күш қолданды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Заңсыз әрекеттер дерегі расталған жоқ", — делінген полиция хабарламасында.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама