27 қыркүйек 2023 | 17:26

Ақтау шенеуніктері мектеп әжетханасында түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Ақтау қалалық Білім басқармасы қала мектептерінің бірінде түсірілген видеоға қатысты мән-жайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтау қалалық Білім басқармасы қала мектептерінің бірінде түсірілген видеоға қатысты мән-жайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Telegram-да оқушылардың бірі мектеп әжетханасында түсірген видеосы пайда болды. Ол дәретханада қағаз бен сабын барын қуана хабарлайды.

Реклама
Реклама

Ақтау қалалық Білім бөлімі видеоға қатысты жауап берді. Бұл жағдай 2023 жылдың 27 қыркүйегінде Ақтау қаласындағы №3 мектепте болғаны хабарланды.

"11-сынып оқушысының видеосы шындыққа сәйкес келмейді. Өйткені тазалықты және санитарлық нормаларды сақтау мақсатында мектеп әжетханалары мен асханада тазалық құралдары (сұйық сабын, дәретхана қағазы) тұрақты қойылады. Видеоны түсірген оқушы мұны әзіл ретінде жасағанын мойындады", - делінген Ақатудың білім бөлімі мәлімдемесінде.

Осы уақыт аралығында бұл мектепте жоғары органдар тарапынан ешқандай тексеру жүргізілмегені атап өтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная