29 мамыр 2021 15:10

Ақтау тұрғындары су алу үшін түнге дейін кезекте тұрған

Ақтау тұрғындары ауыз су алу үшін түнге дейін су таситын көлік алдында кезекте тұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Лада басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау тұрғындары ауыз су алу үшін түнге дейін су таситын көлік алдында кезекте тұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Лада басылымына сілтеме жасап. 

32В шағынауданының тұрғындары су алу үшін түнге дейін кезекте тұрған. Видеодағы ер адамның айтуынша, онда үш күннен бері су жоқ. 

Реклама
Реклама

Сондықтан тұрғындар күннің астында кезекте тұруға мәжбүр.

Тұрғындардың сөзінше, Ақтау әкімдігі бұған дейін жағдайды түзетуге уәде берген, алайда бәрібір үйлерге су беру тоқтатылған. Сонымен қатар, қала тұрғындары арасында Ақтау жағалауындағы бес жұлдызды қонақүйдегі су қысымын тұрақты қамтамасыз ету үшін қала ішіндегі су өшіріледі деген қауесет тарап жатыр.

Бұған дейін Ақтау билігінің әрекетіне сауналар мен көлік жуу орындарының иелері наразы болған еді. Кәсіпкерлер мекемелеріне ауыз судың дұрыс берілмеуінен шығынға батып жатқанын айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram