27 шілде 2020 | 10:38

Ақтау тұрғындарын бас санитар дәрігердің шешімі таңғалдырды

Видеодан кадр

Ақтау тұрғындарын бас санитар дәрігердің шешімі таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Ладаға" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтау тұрғындарын бас санитар дәрігердің шешімі таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Ладаға" сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын "Әскери жағажай" территориясында блокбекет пен тыйым салынған белгілер қойылғанына, ал "Достар" ақылы жағажайда адамдар қашықтық сақтамай, демалып жатқанына таңғалды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін әкімдіктегілер аймақтың бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысына сәйкес, облыста қалалық, қоғамдық жағажайлар мен аквапарктердің жұмысы тоқтатылғанын хабарлаған.

Осыған байланысты Ақтау қаласында жағажай учаскелерінде блокбекеттер мен тыйым салынған ленталар қойылған. 

"Бұл территорияларды күн сайын полицейлер қадағалайды. Қала тұрғындары мен қонақтарына тыйым салынған лентаға дейінгі жағажай территориясында демалуға рұқсат жоқ. Парктер мен саябақтарда үш адамнан артық топтаспай жүруге рұқсат етілген", - деп хабарлады қала әкімдігіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная