Ақтау тұрғыны көзінде әйнек барын 25 жылдан кейін білген

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram.com/sofie_medgroup

Ақтаулық тұрғын 25 жылдан кейін көзінің астында әйнек сынығы болғанын білген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтаулық тұрғын 25 жылдан кейін көзінің астында әйнек сынығы болғанын білген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдің көзінің астында 1997 жылдан бері әйнек сынығы жүрген. Ол жол апатынан кейін қалып қойған.

"Ол 1997 жылы жол апатына ұшыраған. Нәтижесінде, бірнеше күн ес-түссіз жатқан. Кейін қыз есін жиған, бірақ бетінде үлкен тыртық қалып, көзі өзгеріске ұшыраған. Науқастың көзінің асты жиі ауырып, үнемі жас аға берген. Дәрігерлерге жиі барып, түрлі мамандарға жүгінсе де, ешқандай нәтиже бермеген", - деді клиника қызметкері.

Реклама
Реклама

25 жылдан кейін Ақтаудағы жеке клиникалардың бірінің мамандары науқастың көзінің астынан көлемі 5 миллиметр болатын шыны сынығын тапты. Әйнек қауіпсіз түрде шығарылған.

Сурет: instagram.com/sofie_medgroup

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама