ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қазан 2021 | 16:03
Ақтауда 15 миллион теңгеге пластик гүлдер отырғызылды
Ақтауда көгалдың орнына бюджет қаржысынан 15 миллион теңгеге пластик "гүл алқабы" орнатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтауда көгалдың орнына бюджет қаржысынан 15 миллион теңгеге пластик "гүл алқабы" орнатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
"Ынтымақ" алаңындағы көгалдың жасанды гүлдерін шенеуніктер "гүл өрісі" сәндік жарықтандыру деп атады.
Әкімдікте хабарлағандай, сәндік жарықтандыру жұмыстарын Clever media group ЖШС жүргізеді, онымен Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі 16 қыркүйекте шарт жасасқан.
"Гүл алаңы" инсталляциясының ауданы 200 шаршы метрді құрайды. Жобаның құны 15 404 000 теңгеге бағаланады.
Қазіргі уақытта жұмыс жүріп жатыр, оны 20 қазанға дейін аяқтау жоспарланған.
13 қазанда қала тұрғыны Назгүл қаланы абаттандыру бойынша белсенді жұмысқа назар аударды.
"Жергілікті шенеуніктердің "креативті" көзқарасы таңғалдырады. Бұл "керемет" қанша тұрады екен? Бұл қалаға жоғары лауазымды шенеуніктің келуімен байланысты емес пе" - деп сұрады Ақтау қаласының тұрғыны.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также