1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ақтауда 2,5 миллион теңгеге орнатылған жаңа әткеншекті бұзақылар қиратып кетті

Ақтауда Ынтымақ орталық алаңындағы құрылысы аяқталмаған "Әткеншек" нысанын бұзған бұзақылардың әрекеті қала тұрғындарының наразылығын тудырды,

Фото с сайта lada.kz

Ақтауда Ынтымақ орталық алаңындағы құрылысы аяқталмаған "Әткеншек" нысанын бұзған бұзақылардың әрекеті қала тұрғындарының наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

"Сөзім жоқ. Алаңда бақылау камералары жұмыс істейді. Бұзақыларды тауып алу қиын емес, бірақ полицейлер әрекет етпей отыр", - деді жергілікті тұрғын Ғалия. 

Қала әкімдігі "Әткеншектер" шағын архитектуралық ескерткіштерінің әлі балансқа қабылданбағанын мәлімдеді. 

"Clover media group" ЖШС қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді", - деді әкімдік. 

"Әткеншектер" шағын архитектуралық ескерткішінің құны - 2 553 441 теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!