ПОДЕЛИТЬСЯ
17 мамыр 2022 | 11:41
Ақтауда әскерден қашып кеткен сарбаз табылды - БАҚ
Ақтауда патрульдік бағыттан қашып кеткен сарбаз табылды, - деп хабарлайды inAktau басылымы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтауда патрульдік бағыттан қашып кеткен сарбаз табылды, - деп хабарлайды inAktau басылымы.
Басылым мәліметінше, 18 жастағы Бағлан Әділбеков 17 мамырда таңертең табылған. Бұл туралы басылым сенімді дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Сарбаз 14-шағынаудандағы жағалауда жүрген, ол әскери формада болған. Өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Еске салайық, 16 мамырда Ақтауда әскерге шақырылған сарбаз қашып кеткені хабарланған болатын. Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімі бұл деректі растады. Әскер қатарына шақырылған 18 жастағы сарбаз Бағлан Әділбеков 14 мамырда түнгі сағат 22:55-те 4-шағынаудандағы патрульдік бағыттан кетіп қалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также