11 қараша 2021 16:07

Ақтауда аязға шыдайтын пальмалар өсіріледі

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: Facebook / Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы

Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағының қызметкерлері Ақтау қаласында субтропикалық пальмалар өсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағының қызметкерлері Ақтау қаласында субтропикалық пальмалар өсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Субтропикалық өсімдіктерді сынақтан өткізу ғалымдар кейінгі жылдары байқаған климаттың өзгеруімен байланысты екендігі атап өтілді.

"Климаттық көрсеткіштерді талдау нәтижелері бойынша кейінгі 10 жылда Маңғыстауда 286 күн орташа +10 градус температура сақталды. Климаттың мұндай көрсеткіші Маңғыстауда өсімдіктердің жылусүйгіш түрлерін жерсіндіруге мүмкіндік береді деп болжанып отыр", - деп нақтылануда ботаникалық бақтың Facebook-тегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Ботаникалық бақ анар, зәйтүн, олеандр, зәйтүн, лавр, темір ағашы, магнолия және розмарин сияқты субтропикалық өсімдіктерді өсіруді сынақтан өткізе бастады.

"Сонымен қатар, бақта қыста -10 градус температураға төтеп бере алатын пальма ағаштарының 3 түрі сыналады. Биыл 12 көшеттің тек екеуі ғана қыстан шықпады, қалғандары өсіп келеді, тәжірибелік жұмыстар жалғасып жатыр", - деді ботаникалық бақта.

Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы - Батыс Қазақстандағы жалғыз ғылыми ұйым, оның міндеттеріне экстрааридтік табиғи-климаттық жағдайларда отандық және әлемдік флораны дамыту мәселелерін шешу кіреді. Бақтың тарихы 1972 жылдың қаңтарынан басталады. Сондай-ақ, бақ "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесіне" енгізілгені нақтыланып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram