02 қазан 2022 | 16:07

Ақтауда әйел адам 5-қабаттан секірмек болған

Ақтауда полицейлер әйелді суицидтен құтқарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда полицейлер әйелді суицидтен құтқарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қазанда түнгі сағат 01.40 шамасында 102 желісіне Ақтау қаласының көпқабатты үйлерінің бірінің 5-ші қабатының балкон қоршауынан әйел адамның секірейін деп жатқандығы туралы хабар түскен.

Шақыртуға патрульдік полиция жасағы, кезекшіліктегі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор және қала аумағына түнгі кезекшілікке бекітілген ПБ арнайы қабылдау орнының бастығы барды.

Реклама
Реклама

41 жастағы азаматша балкон қоршауына отырып, ешкімнің өзіне жақындамауын талап еткен. Арнайы қабылдау орнының бастығы Өркен Жүсіпбеков онымен әңгімелесіп, одан асығыс әрекеттер жасамауды өтінді. Полиция қызметкері әйелді сөзге тартып, көңілін аулап, оған жақындай бастады. Секіруге дайын тұрған әйел қолын жібере бергенде тәртіп сақшысы жылдам әрекет етіп, санаулы секунд ішінде оны ұстап алды.

Әйелдің мас күйде болғаны анықталды. Жеке басын анықтау барысында оның наркологиялық есепте болған. Ол бұрын да осындай әрекетке барған.

Әйел адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная