23 қазан 2023 | 10:06

Ақтауда әйел пәтерде қандаланы улағаннан кейін екі бала өлі табылды

Фото Lada.kz

Ақтауда қандаланы улау кезінде екі бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда қандаланы улау кезінде екі бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 7 ықшауаудандағы №14 үйде болған. Тұрғындардың сөзінше, пәтерлердің біріндегі әйел 20 қазанда қандалаларды уламақ болған. Алайда ол арнайы қызметке жүгінбеген. Дезинсекция үшін қажет заттарды ол Алматыдан алдырған. Көршілері әйел қандалаларды улайын деп жатқанын білмеген. Келесі күні жоғары қабатта орналасқан үйдегі екі бала қайтыс болған. Жедел жәрдем фельдшерлері келгенімен балаларды құтқару мүмкін болмаған. Балалар ауруханасына осы отбасының тағы екі баласы түскен.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы туралы жәбірленуші тараптан Нұрсәуле есімді тұрғын айтып берген.

Реклама
Реклама

"Қандалаларды улағаннан кейін бізден бір қабат төмен тұратын әйел есігін жауып, кетіп қалған. Ескертуі керек еді", - дейді Нұрсәуле.

Нұрсәуленің әпкесі кіші баласымен жансақтау бөлімінде жатыр. Үлкен қызының жағдайы тәуір болып келе жатыр, бірақ әлі де балалар ауруханасында жатыр. Ал қаза тапқан 10 айлық және 2,5 жастағы балалар мәйітханада.

Нұрсәуленің сөзінше, қандала улаған әйел полиция тергеуінде отыр. Облыстық балалар ауруханасынджағылардың сөзінше, ауруханада жатқан баланың жағдайы ауыр. Екінші баланың жағдайы тұрақты ауыр.

Бұл дерек Маңғыстау облысының Полиция департаментінде расталды. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 304-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная