30 шілде 2024 | 12:29

Ақтауда әйелдің әткеншекте отырған баланы ұрып жібергені видеоға түсі қалды

Видео: Lada.kz

Ақтауда ойын алаңдарының бірінде әйел адам әткеншекте отырған баланы ұрған. Оқиғаны сол маңдағы куәгерлердің бірі вдеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда ойын алаңдарының бірінде әйел адам әткеншекте отырған баланы ұрған. Оқиғаны сол маңдағы куәгерлердің бірі вдеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода ашулы әйел адам әткеншекте отырған баланың қасына жақындап келіп, шапалақпен ұрғанын көруге болады.

Ізінше кішкентай баланың екі қолынан қатты ұстап алып, сілкіген. Кейін баланы күшпен сүйреп, кішкентай қыз баланың қасына алып келеді. Ал ол қыз баланы итеріп жібереді. Өңірдің полиция департаменті әйел адамның жеке басы анықталғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

"Ол қоғамдық бөгде адамға тиіскені үшін ҚР ӘҚБтК 499-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әйел адамға 5-пен 10 АЕК-ке мөлшерінде айыппұл салынады", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная