Ақтауда бала құбырдан аққан ыстық суға күйіп қалды

Ақтауда бала құбырдан аққан ыстық суға күйіп қалды Фото:depositphotos.com

Ақтауда құбыр жарылып, шұңқырға жиналған ыстық суға бала күйіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтауда құбыр жарылып, шұңқырға жиналған ыстық суға бала күйіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 жастағы бала ыстық суға толы шұңқырға құлап кеткен. Куәгерлердің айтуынша, оқиға тұрғын үйдің ауласында болған. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті пабликтерде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды, онда анасы болған жағдай туралы айтып береді.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасының мәліметінше, баланың денесінің төменгі бөлігін күйік шалған.

"2014 жылы туған баланың сан және балтыр бөліктері екінші және үшінші дәрежеде күйіп қалған. Денесінің 30 пайызы зақымданған. Күйіктің ауырлығына байланысты баланың жағдайы ауыр. Дәрігерлер тексеріп, күйік жарасына хирургиялық өңдеу жүргізді. Есін біледі, жүрек соғысы мен тыныс алуы қалыпты", – деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта зардап шеккен бала қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама