22 қараша 2022 08:30

Ақтауда балаларға дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан шығарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Әлеуметтік желіде Ақтау қаласындағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаларға дөрекілік танытқан видеосы тарады. Тексеру нәтижесінде балабақша тәрбиешісі жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Ақтау қаласындағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаларға дөрекілік танытқан видеосы тарады. Тексеру нәтижесінде балабақша тәрбиешісі жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Бағдат Тұрғанбаева мектепке дейінгі мекеме қызметкерінің бүлдіршінге дөрекі қарым-қатынасы түсірілген видеодан кейін "Мәншүк" балабақшасындағы заң бұзушылықтарды анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын айтты.

"Тексеру қорытындысы бойынша аталған балабақшаның тәрбиешісі Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына "Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негіздеріне" сәйкес жұмыстан босатылды. Балабақшаның директорына сөгіс жарияланды", - деді Бағдат Тұрғанбаева.

Реклама
Реклама

Еске салайық, №37 балабақшадағы тәрбиешісі сүйреп, балаларға дөрекі қараған видеоны Желіге қоғам белсендісі әрі блогер Азамат Сәрсенбаев жариялаған болатын.

Ақтау полицейлері балабақша тәрбиешісі жазаланатынын айтты.

"Тәрбиешіге қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының немесе осы міндеттер жүктелген өзге де адамның, сондай-ақ оларды тиісінше орындамауы" бойынша соталды тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram